Өзектi

Қытай Айдан энергия алмақ

08.08.2014

8918

Қытайлық ғалымдар Айдан гелий изотопын өндіріп, оны алдағы уақытта термоядролық реакторларда қолданбақшы. Ғалымдардың айтуы бойынша бұл әдіс Қытайдың энергия қажеттілігін толықтай қамтамасыз етеді, - деп хабарлайды energeticsdigest.ru.
Ғалымдар Күндегі термоядролық реакциялардың салдарынан пайда болып, кейінінен ғарышта сейіліп кететін гелий-3 изотопыннан энергия алуды көздеп отыр. Гелий-3 Жерге түспейді, себебі жердің қалың атмосфералық қабаты оның өтуіне кедергі жасайды. Ал Айда гелий-3 ай тозаңымен араласып сонда қалады. Ғалымдар бұл бағалы қоспа Айда 10 миллион тоннаға жетеді дейді. Ай тозаңынан гелийдің изотопын жылыту арқылы бөліп алып, артынша ол газды Жерге жіберу көзделуде.

Гелий -3-ті өндіру бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан қытайлық мамандардың жүргізген есептеріне сүйенсек гелийдің 0,02 граммы мұнайдың барреліне тең энергия бөліп шығарады.

Аталмыш топтың жетекшісі Айдағы гелий изотопы Жер тұрғындарын алдағы 10 мың жылға энергиямен қамтамыз етуге жететіндігін айтып отыр.

Бүгінгі күні Қытай әлемдегі ең ірі өндіруші және энергияны қолданушы ел болып отыр. Қытай үкіметі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аса ұқыптылықпен қарап, оның жұмысын күшейтуді мемлекеттің негізгі саясатына да енгізіп қойған. Ғалымдар «Ай бағдарламасы» Қытайдың энергия қажеттілігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, гелий-3 қауіпсіз отын болғандықтан экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі дейді.

Дереккөзі: baq.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар