Әлемдегі ғылым

Жаңа камераның көмегімен қозғалыстағы атомдар түсірілді

09.03.2023

821



Колумбия университетінің, Бургундия университетінің бір топ американдық ғалымдары Ок-Риджск ұлттық зертханасы мен Аргонн ұлттық зертханасының мамандарын тарта отырып, кәдімгі смартфон камераларының жылдамдығынан бір триллион есе жылдам түсіретін «камера» жасап шығарды.

Мұндай жылдамдық атомдарды динамикада да, статистикада да түсіруге мүмкіндік береді. Жаңа «камераның» көмегімен ғалымдар артық немесе «жарамсыз» жылуды электр тогына айналдыратын термоэлектрлік материалдар саласында жаңалық жасаған. 

Құрылғы осы процеске жауапты атомдардың қозғалысын да көрсетті. Жаңа «камера» ORNL нейтрондық көзінің негізінде жұмыс істейді. Ол variable shutter PDF немесе vsPDF деп аталады.  

Осындай құрылғының көмегімен термоэлектр үшін маңызды материалдардың бірі болып табылатын германий теллуридінде атомдық симметриялардың бұзылуы анықталды. Ол қалдық жылуды электр энергиясына айналдырады. Бұған дейін динамикалық ауытқулар мен өзгеру қарқынын байқау мүмкін болмаған, деп жазады https://3dnews.ru.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар