Әлемдегі ғылым

Көлік түтіні әйелдерге көбірек қауіпті

07.09.2022

1219


Шетелдік ғалымдар көлік түтінінен әйел адамдар көбірек зардап шегетінін айтады.
Ғалымдардың зерттеуінше, дизельдік түтіндер жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты ақуыздардың деңгейін арттыратын көрінеді. Оны дәлелдеу үшін 10 адамға зерттеу жүргізілген. Төрт сағат қатарынан түтінмен демалған әйел адамдарда ерлермен салыстырғанда артериялары тырысып, ақуыздар деңгейі арта түскен. Бұл инфаркт немесе инсультке алып келуі мүмкін. Ол үшін қосымша зерттеулер қажет болады дейді ғалымдар.

Тәжірибе әр түрлі концентрациядағы дизельдік отынның көмегімен ай сайын үш рет жүргізілді. Еріктілер дизель түтінімен демалғаннан кейін 24 сағатты өткізіп барып, қан үлгілерін тапсырды. Зерттеушілер әртүрлі ақуыздар деңгейінің өзгеруін анықтау үшін қанның сұйық бөлігін талдады. Плазма үлгілерін салыстыра отырып, әйелдер мен ерлер арасында айтарлықтай ерекшеленетін 90 ақуыздың деңгейін тапты.

Нәтижесінде ғалымдар әйел адамдар мен ер адамдарда да қабыну, инфекция және жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланысты қан компоненттерінің өзгерістерін анықтады. Бірақ әйелдерде артерияларға байланысты ақуыздардың деңгейі басым болған.
Ғалымдар бұл тек алғашқы нәтижелер дейді. Дегенмен, олар дизельдік газ түтіндерінің әсері әйел ағзасына көбірек әсер ететінін дәлелдейді.

Материал https://www.dailymail.co.uk/sciencetech/article-11171439/Car-fumes-pose-higher-risk-women-research-suggests.html деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар