Әлемдегі ғылым

Пластик қаптамалардың орнына өзі ыдырап кететін жаңа қаптамалар келмекші

27.06.2022

1614

Жер бетінде пластиктен жасалған заттар көбейіп кеткені белгілі. Осы күнге дейін бұл заттардың қалдықтары 353 миллион тоннаға жетті деп жазады, https://tech.eu/.

Сонымен қатар, зерттеулер 2025 жылға қарай халықтың тұрақтылық талаптарының 90% орындалмайтынын және көптеген компаниялар бір рет пайдаланылатын қаптаманы қолданатынын көрсетеді.

Magical Mushroom компаниясы полистирол мен картонды тікелей ұсына отырып, пластикалық қаптамаларды толығымен жоюды жоспаралауда. Ұлыбританияда биологиялық тұрғыда ыдырайтын, берік және кәдімгі қаптамамен салыстыруға болатын қаптама жасау үшін ауылшаруашылық қалдықтарын мицелиймен – саңырауқұлақтың тамыр құрылымымен біріктіріп жасмақшы.

Биологиялық ыдырайтын орама баламаларын жасау үшін алғашқы қаржыландыруға 3 миллион фунт стерлинг жинады. Басқа қаптамалардан айырмашылығы сол, бұл жаңа қаптама ешқандай химиялық заттарсыз немесе өнеркәсіптік қондырғыларсыз шамамен 45 күнде табиғи түрде ыдырайды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар