Әлемдегі ғылым

Жұмыртқадан шығып үлгермеген динозавр

23.12.2021

2180

Ғалымдар шамамен 66 миллион жыл бойы жақсы сақталған динозавр эмбрионын тапты. Ол балапан сияқты жұмыртқаны жарып шығу алдында болған.

Тасқа айналған динозавр жұмыртқасы Қытайдың оңтүстігіндегі Ганьчжоу қаласынан табылған. Ол – тіссіз, терапод отрядының тармағына жататын кесіртке қауырсынын жамылған овирапторозавр. Ғалымдар оны «Инлян балақай» деп атады.

«Бұл тарихта бұрын-соңды табылған үздік эмбриондардың бірі», – дейді Бирмингем университетінің зерттеушісі және iScience журналындағы мақала авторы Фион Вайсум Ма.

Эмбрион кездейсоқ табылды. Зерттеуші топ ондаған жылдар бойы қоймада шаң басып жатқан динозавр жұмыртқаларын зерттеу кезінде олардың ішінде эмбрион болуы мүмкін деп ойлаған. Осы оймен жұмыртқаның тасқа айналған қабығын алғып тастаған зерттеушілер Инлянды көреді. Ғалымдардың айтуынша, эмбрионның жасы – 72-66 миллион жыл. Жұмыртқаны көшкін басып қалып, ол жыртқыштардың жеміне айналмаған болуы мүмкін.

https://www.inform.kz/kz/kytayda-taska-aynalgan-dinozavr-zhumyrtkasynan-embrion-tabyldy_a3877196

«« | »»
Соңғы жаңалықтар