Әлемдегі ғылым

Ғалымдар адамның «ақпараттық іздерін» зерттеу және талдау арқылы қаланың дамуын зерттейді

24.01.2024

580



Қазақстанда қалалық инфрақұрылымдық процестерді жоспарлау мен тиімділігін бағалаудың өзіндік интеллектуалды жүйесі әзірленуде.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің зерттеушілері қаладағы адам әрекетін талдау үлгілері негізінде қалалық инфрақұрылымның тиімділігін жоспарлауға және бағалауға арналған смарт картаны әзірлеуде. 

Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша адамдар әр минут сайын әртүрлі бағдарламалық жүйелермен өзара әрекеттесіп, өздерінің «ақпараттық іздерін» қалдырады. Бұл құбылыс, әрине, цифрлық ақпарат көлемінің экспоненциалды өсуіне әкеледі.

ІТ-технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы елдер деректердің үлкен көлемін жинақтау мәселесімен бұрыннан айналысуда. Сондықтан бүгінгі күні бұл мәселе жеткілікті түрде жақсы зерттелген және осы бағытта дүние жүзінде көптеген зерттеулер жүргізілуде.

Зерттеулер көрсеткендей, әртүрлі математикалық модельдерді қолдану және үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдеу бизнестен медицинаға дейін адам қызметінің әртүрлі салаларына үлкен пайда әкеледі екен. 
Әртүрлі АТ жүйелерімен үнемі өзара әрекеттесу кезінде пайдаланушылардың артынан қалатын сандық іздер көптеген ақпаратты қамтуы мүмкін. 

Мұндай деректердің үлкен көлемін жинау, сақтау және өңдеу теориялық тұрғыдан адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдалы және қолдануға болатын жүйені әзірлеуге негіз бола алады. Мұндай модельдерді пайдалану қалалық инфрақұрылымдағы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы процестерді оңтайландыруға да пайдалы болуы мүмкін. 

Қазақстандық ғалымдар жасап жатқан жүйе Қазақстандағы Smart City тұжырымдамасының смарт жүйелерін дамытуға қосымша серпін болып қана қоймайды.

Зерттеушілер ұсынылып отырған әзірлемелердің оңтайлы бюджеттік жоспарлау мәселелерін шешуге мүмкіндік беретініне сенімді. Сарапшылардың пікірінше, бұл әсіресе әлемнің көптеген елдерінің басына түсуі мүмкін деген экономикалық қиындықтар жағдайында маңызды болмақ.  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар