Қазақстан ғылымы

Елімізде күріштің жаңа сортын жасап шығарды

28.04.2023

572


Ашық көздерден алынған иллюстрация 

Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 17 жыл еңбектеніп, күріштің «Айсара»  атты жаңа сортын жасап шығарды. 

Қызылорда облысында күріш егу жұмыстары әлдеқашан басталып кеткен. Жергілікті күріш сорттары 4 мың гектар жерді алып жатса, оның басым бөлігіне осы жаңа сорты егілмекші. Жаңа өнімнің артықшылығы сол, дәннің мөлдірлігі 100 пайыз, ақуыз мөлшері жоғары әрі халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. 

Күріштің осыған ұқсас, әлемдік нарықта сұранысы жоғары түрлері тек тропиктік, субтропиктік климатта ғана өседі. Біздегі климат жағдайында тамырланбайды, деп түсіндіреді ғалымдар. Осыны ескере отырып, отандық мамандар күріштің бұл сортының жаңа түрін алу барысында еліміздің климат жағдайына төзімді болуына баса назар аударған. 

Ғалымдардың айтуынша, жаңа сорттан орта есеппен гектарына 80 центнерге дейін астық жинауға болады. Оның үстіне бұл күріш суды аса көп қажет етпейді. Селекционерлер «Айсара» тұқым қорын жинақтау жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы https://apk-news.kz/ жазады. 
 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар