Қазақстан ғылымы

Биогумус пен микроөсімдіктерге арналған ғылыми зертхана ашылды

28.11.2022

1082


Қарағандыда микроөсімдіктерді өсіретін, биогумусты зерттейтін ғылыми зертхана іске қосылды.

Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультеті базасындағы ғылыми орталықты биолог Арайлым Серікбай ашты. Ол витаминді өнімдерді өсіру идеясын бірнеше жыл бұрын қолға алған. Арайлымның өз ісін дамыту үшін алған Қарағанды қаласы әкімінің гранты оның арманын жүзеге асыруға жақсы серпін болды. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті билік оған 1,5 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары экологиялық таза өнімдер: биогумус, вермичай, микроөсімдік алу технологияларын жетілдіру болады. Сондай-ақ, мұнда жасыл тыңайтқыштар мен байытылған өнімдер өндірісі жолға қойылмақ.

Түсіндіре кетейік, биогумус – ауыл шаруашылық және өсімдік, жеміс-жидек қалдықтарынан, калифорниялық қызыл құрттар негізінде алынатын табиғи тыңайтқыш. Вермичай – бұл биогумустың сұйық түрі.

Арайлым Серікбай орталық базасында жас кәсіпкерлерді оқыту курстары мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр.
Қарағанды университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Еркеблан Тәжбаев Қазақстанда микроөсімдіктерді өсіру Еуропадағыдай кең таралмағанын алға тартады. Экологиялық таза, денсаулыққа зиянсыз өнім үлкен сұранысқа ие болмақ. Білім ордасы жылыжай салуды да жоспарлап отыр.

Материал https://apk-news.kz/news/item-1084?_utl_t=fb&fbclid=IwAR02Pp-yPPLuqJMSdxKfPDJy_8NKsUf0GNmSuainmz4KiMFly2GE6b9j5bw деректері бойынша дайындалды.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар