Қазақстан ғылымы

Ғалымдар тың тәсілмен өсімдік түрлерін алуда

18.07.2022

1544

Елорда көшелеріне жасанды әдіс арқылы дәрумендермен байытылған өсімдіктерден алынған көшеттер отырғызылуда. Отандық ғалымдар сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік түрлерін сақтап қалуды алға қойып отыр.

Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары қызыл кітапқа енген өсімдіктерді, ағаштарды будандастырып, оларды көбейтудің жасанды әдісін қолдануда. Ең алдымен жаңа өскіндерді микро, макроэлементтермен байытып алады. Тіпті бір өскіннен ағаштың өсіп, жетілуіне 2 жыл уақыт қажет. Ғалымдар бұндай әдіспен өсірілетін өсімдіктердің табиғи қасиеті жоғалмайды деп сендіреді. Олар өсімдіктерді тұқымсыз өсіру тәсілі арқылы ақ теректі, Недзвецкий алмасын, Сиверс алмасының көшеттерін алған. Бұл ағаштардың 2 мың көшеті отырғызылып, 70 пайызы сол жерге бейімделген. Алынған өсімдіктер мен ағаштардың барлығы елорда ауа райына төзімді болып келеді, яғни климаттық ерекшеліктері ескерілген.

Осы алынған көшеттер Нұр-Сұлтан қаласындағы Жасыл аймаққа отырғызылады. Мамандардың айтуынша, бұл жерге жыл сайын 2 мыңдай ағаш отырғызылады. Соңғы үш жылда 7 мың ағаш егілген. Алдағы уақытта будандастыру тәсілдерін жетілдіру жоспарланған.

Материал https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/554936-otandy-alymdar-yzyl-kitap-a-engen-simdikterdi-ty-dispen-k-bejtip-zhatyr деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар