Қазақстан ғылымы

Жаңа иондық қосылыстар синтезінің жаңа әдістерін әзірлеу

20.02.2024

572



Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми тобы тримекаин мен толперизон негізінде синтезделген иондық қосылыстардың өсуді ынталандырушы және миелостимуляциялаушы белсенділігін зерттеу бойынша олардың негізінде медициналық химия (миелостимуляторлар және бактерияға қарсы заттар) және агрохимияға (өсу стимуляторлары, адаптогендер, тамыр түзу стимуляторлары және т.б.) арналған заттарды анықтау бойынша ғылыми жұмыс жүргізуде. 

Иондық сұйықтықтар органикалық қосылыстардың салыстырмалы түрде жаңа класы болып табылады. Бір қосылыстағы фармакофор топтарының екі немесе одан да көп қосындысы биологиялық белсенділігі бар кандидаттық заттарды іздеудің заманауи тәсілдерінің бірі болып отыр дейді ғалымдар. Алкил және алкилфенил топтары мен қосымша амид тобының үйлесімі жаңа биологиялық белсенді қосылыстарды іздеу тұрғысынан өте қызықты болып көрінеді. Өйткені бұл жерде әлеуетті биологиялық белсенділігі бар қосылыстар қалыптасады. 

Өсімдіктердің өсу стимуляторлары және миелостимуляторлар (иммуностимуляторлар) ретінде иондық қосылыстар ғылымда үлкен қызығушылық туғызуда. ҚБТУ ғалымдары тримекаин мен толперизон негізінде синтезделген иондық қосылыстарды бал құмай (Sorghum sacchartum) тұқымдарының сорттары мен будандарында өсуді ынталандыратын белсенділікке, сондай-ақ зертханалық ақ тышқандарда миелостимуляциялық белсенділікке сынады.  

Бұл зерттеуде фармакофорлық топтары бар иондық қосылыстарды алу үшін тримекаин негізі мен толперизон негізін дәйекті функционализациялау қолданылды. Сондай-ақ құмай тұқымының сорттарымен энергетикалық және өнгіштік қабілеті бойынша өсуді ынталандырушы белсенділікті және ақ зертханалық егеуқұйрықтардағы иммуностимуляциялау белсенділігін зерттеу әдісі қолданылды. 

Тримекаин мен толперизон негізіндегі иондық қосылыстардың жаңа туындылары синтезделіп, белгілі туындылары жасалды. Тримекаин мен толперизонның синтезделген туындыларының өсуді ынталандырушы, миелостимуляциялаушы және бактерияға қарсы белсенділігі агрохимияда өсімдіктердің өсу стимуляторлары ретінде және дәрілік химияда миелостимуляторлар (иммуностимуляторлар) ретінде пайдалану үшін сыналған. 

Тримекаин мен толперизон негізіндегі жаңа иондық қосылыстар өсуді ынталандыратын, миелостимуляциялаушы және бактерияға қарсы әрекеттерге сыналған және оларды органикалық синтез, агрохимия және дәрілік химия үшін кандидат заттар ретінде пайдалану қарастырылған.

Әлеуетті тұтынушылар Қазақстанның ұсақ органикалық синтез, дәрілік химия және ауыл шаруашылығы саласы кәсіпорындары болуы мүмкін. 

Болашақта кандидаттық заттар негізінде әзірленетін жаңа препараттар Қазақстан Республикасының импортқа тәуелділігін азайтады және отандық аналогтардың құнын төмендетеді дейді ғалымдар.  

Жұмыстың маңыздылығы сол, биологиялық белсенділігі бар тримекаин мен толперизон негізіндегі жаңа иондық қосылыстарды – миелостимуляторларды, бактерияға қарсы агенттерді, тұқымның өнуін, өсуін және дамуын стимуляторларды синтездеудің жаңа әдістерін жасау болып табылады.  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар