EXPO-2017

Америкалық экономист Д. Рифкин Астанадағы биосфера орталығын Н.Назарбаев есімімен атауды ұсынды

22.10.2013

6658

Танымал америкалық экономист Джереми Рифкин елордада ЭКСПО-2017 көрмесі аймағында салынатын биосфера орталығын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды ұсынды.

Ол бұл ұсынысын «Риксос» қонақ үйінде өткен мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және іскерлік құрылымдар басшыларына арналған «Үшінші индустриалды төңкерістің іргелі негіздері» атты семинар барысында жасады.

Семинар барысында Д.Рифкин ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергиясы: сын-қатерлер және жаңа мүмкіншіліктер» атты тақырыбын қазақстандық тарап ұсынғандығын баса айтты.

Оның пайымынша, Қазақстан көмірсутектің мол қорының арқасында қазірдің өзінде жаңаратын энергия көздеріне, «энергетикалық интернет» технологиясына негізделген жаңа энергетикалық жүйе үшін инфрақұрылым қалыптастыруға кірісуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар америкалық экономист ЭКСПО-2017 аумағы болашақта үшінші индустриалды төңкеріс ошағы бола алатындығын мәлімдеді.

Д.Рифкиннің ұсынысына жауап берген танымал қазақстандық сәулетші Сағындық Жамболатов ЭКСПО аумағы Назарбаев университеті аумағымен шектесетіндігін әрі «Елбасы биосфера орталығы» аталатындығын атап өтті.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар