EXPO-2017

С. Ахметов: ЭКСПО-ға дайындық туралы іс-шараларды жариялау бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстарға креативтік тәсілдерді қолдану қажет

18.10.2013

6633

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізу бойынша Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болды.

С.Ахметов назарды Президенттің таяуда Ақордада ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу мәселелері бойынша өткен кеңесте айтқан тапсырмаларына аударды.

«Көрме шығынсыз болуы қажет, барлық павильондардың көрмеден кейінгі жұмысы ұлттық компаниялар үшін, тұтастай алғанда мемлекет үшін тиімді болуы тиіс», - деді С.Ахметов. Ол сондай-ақ ЭКСПО-ға дайындық туралы іс-шараларды жариялау бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстарға креативтік тәсілдерді қолдану, тиісті заң жобаларын мерзімінде дайындау қажеттігін атап көрсетті.

Отырыста «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы басшысы Талғат Ермегияевтің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің есептері тыңдалды.

Үкімет басшысы мәселені талқылау қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»-ға бірқатар тапсырмалар беріп, қабылданған шаралардың көрмені сапалы дайындау мен өткізу қажеттілігін атап көрсетті.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар