EXPO-2017

Италияда авиақұрылыс AIRET-2013 Халықаралық өндірістік көрмесі өтті.

10.10.2013

6479

Италияның Римини қаласында қазақстандық делегация авиақұрылыс AIRET-2013 Халықаралық өндірістік көрмесіне қатысты.

/Күн өткен сайын AIRET авияциялар әлемінде маңызды орынға ие болып келеді. Риминидегі көрме қарапайым көрмелердің көлемі шеңберінен тыс, іс-тәжірибелік қорларды ашып көрсететін және авиациялық сектордағы бастамаларды дамытуға бағытталған нақты инновациялық жоба болып табылады. Бірінші кезекте AIRET техникалық және кәсіби бағыттағы әртүрлі ұйымдардың және әртүрлі мемлекеттердің жердегі аэропорттық қызметінің ынтымақтастығының тұрақты тұғырнамасы болып табылады.

Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамытуға арналған арнайы жинақтама сессиясы барысында Қазақстанның Италиядағы елшісі Андриан Елемесов қатысушыларға Қазақстанның авиациялық секторының даму келешегі туралы айтып берді. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде халықаралық бизнес-жобаларды талқылауға ерекше көңіл бөлінді.

«Қазаэросервис» АҚ Вице-президенті Бақытжан Бишимов ұқыпты ынтымақтастық орнатудың және азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыздандыру саласында қазақстандық және итальяндық мамандардың жүйелі түрде тәжірибе алмасу маңыздылығын атап өтті.

AIRET Exhibitions Президенті Эмануэле Римини жоғары қаржылық-экономикалық көрсеткіштері, көліктік-логистикалық инфрақұрылымының динамикалық дамуы және сәтті геосаяси орналасуы Қазақстанды посткеңестік кеңістікте келешегі үлкен нарық ретінде танытады. Ол осындай байланыстар ойға алған бастамалардың жүзеге асуын қабілеттендіреді.

Көрме алаңында қазақстандық делегация халықаралық холдинг және компаниялардың ірі ENAV (қауіпсіз ұшуды басқару қызметі, техникалық және бағдарламалық жабдық), THALES холдингінің (қауіпсіз ұшу жүйесінің дайындамасын жасау, навигациялық жүйе, телекоммуникациялық жабдық), WORLD BRIDGE (мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы құрылғылармен ғимаратты жарықтандыру), FERRARI ( ангарларды өндіретін бөлімшесі) өкілдерімен кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың толық аспектілері, өзара тиімді жобалардың келешегі талқыланды.

Ақпарат көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар