EXPO-2017

Қазақстан 200 беттік ЭКСПО Конституциясын жазды

10.10.2013

6231

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық көрмелер бюросында таныстырылатын ЭКСПО-2017 тіркеу досьесі 200 беттен тұрады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Оның айтуынша, тіркеу досьесі ЭКСПО-2017-нің негізгі құжаты болып табылады. «Оны ЭКСПО-ның Конституциясы деп атауға болады. Онда біз белгілеген барлық қадамдар Париждегі халықаралық көрмелер бюросында мақұлдануы тиіс. Және осындағы барлық бағыт-бағдарлар міндетті түрде орындалады. Біз осы жоспар бойынша 4 жыл бойы жұмыс істейміз», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бұл құжатта көптеген маңызды мәселелер ескерілген. Және ол 200-ге жуық парақтан тұрады. Бұл құжат Халықаралық көрмелер бюросымен ғана емес, сонымен қатар ЭКСПО-ға қатысуға ниетті барлық елдермен бекітілуы тиіс.

Н. Қаппаровтың сөзіне қарағанда, «Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы бірінші нұсқасы бойынша тиісті жұмыстарды атқарды. Осы құжат бюроның қарауына ұсынылды. Оның пайымынша, осы құжат бойынша алғашқы мақұлдау қараша айында болады.

«Біздің ойымызша, бұл құжаттың соңғы нұсқасы алдағы жылдың басында мақұлданады. Сонымен қатар Халықаралық көрмелер бюросының жалауы мен логотипін аламыз. Бұл дегеніміз, Қазақстан ресми түрде ЭКСПО-ның иесі болады. Осы атрибуттарды 2014 жылдың жазында Халықаралық көрмелер бюросының отырыстарының бірінде аламыз деп жоспарлап отырмыз», - деп түйді Н. Қаппаров.

Ақпарат көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар