«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «ArLine» аса ірі халықаралық дистрибьюторымен 50 млн. теңге сомасына демеушілік көмек көрсету туралы шарт жасасты.
Бүгінге дейін 10 ірі компания ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің демеушісі ретінде тартылды. Олар: NCOC консорциумы, CISCO компаниясы, «Shell», «Saint-Gobain», «Эйр Астана» АҚ, «Mercur Auto LTD» ЖШС, «Казкоммерцбанк» АҚ және басқалары, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
«ArLine» ЖШС-нің негізгі бағыты отандық өнімді ілгерілету, сондай-ақ сауда және Қазақстанда өз дистрибьютерлік желісін дамыту болып табылатынын еске саламыз.
Белсенді саудасы мен өндірістік қызметі барысында компания өзін бірінші кезекте тұтынушының мойындауын қадірлейтін және нарыққа шығарылатын өнімінің өзгермейтін жоғары сапасына кепілдік беретін сенімді серіктес ретінде танытты.
Дереккөзі: inform.kz