EXPO-2017

Ер мен әйел адам миларының табиғи ерекшеліктері

16.10.2013

6040

Әйел мен ер адамдар табиғатынан ерекше жаратылыстар. Біреуі ісімен нәзік келсе, екіншілері жүрегімен нәзік. Әйел адамдар батылдылығын сыртқа көрсете бермейтін болса, ер адамдар нәзік болып көрінуден қорқады - деп хабралады baq.kz,Осы секілді ерекшеліктерді ескеріп, олардың миларының ерекшеліктерін талдап көрейік:

1. Әйел адам миының көлемі ер адамдыкіне қарағанда 10 %-ға кіші. Мұның ақыл-парасатқа ешқандай қатысы жоқ.

2. Ер адамның миы уақыт өте келе жылдам кішірейеді.

3. Бір мәселені шешу үшін олардың миларының қарама-қарсы жақтары жұмыс істейді.

4. Ер адам жолдан адасып қалған жағдайда ара қашықтық пен жүрген жолын есіне түсіреді, ал әйел адам оюъектілерді есіне түсіріп, жан-жақты бағдарлай бастайды. Рөлде отырған кезде де ер адам жүріп өткен ара қашықтыққа мән берсе, әйел адам керсінше дүкендердің түрлі-түсті жарнамаларына басымдылық береді.

5. Әйел адамдар барлығын детальді түрде есте сақтаса, ер адамдар маңыздылығы мен нәтижесіне мән береді.

6. Ер адамдар ақпаратты жылдам қабылдап, жылдам әрекет жасайды. Алайда ...

7. Әйел адамдар бір уақытта бірнеше ақпаратты қабылдай алады. Мысалы, кітап оқып отырып әуен тыңдау, теледидар қарау деген секілді...

8. Ер адамдар жаратылыстану ғылымдарын меңгеруге басымдылық беретін болса, әйел адамдар гуманитарлық ғылымдармен айналысқанды ұнатады.

9. Әйел адамдар әңгімелескенді ұнатады. Ер адамдар көп сөздің орнын бір іспен алмастырады.

10. Қоршаған ортаның дыбыстары оларға әр түрлі әсер етеді.

11. Әйел адамдардың сеніміне оңай ие болуға болады. Олар сенгіш келеді.

12. Әйел адамдар бір күн ішінде ер адамдарға қарағанда 3 есе көп сөз қолданады.

13. Әйел адамның миы глюкозаның көп мөлшерін қажет етеді.

14. Олар әзілді де түрліше қабылдайды. Ер адамдар үшін әзілдің соңғы тұстары маңызды әрі күлкілі. Ал әйел адамдар үшін әзіл толығымен қызық.

15. Әйел адамдардың ұйымдастыру қабілеті жоғары.

16. Ер адамдар әйел адамдарға қарағанда нашар естиді. Сол себепті әйел адамдар интонацияға да мән береді.

17. Ер адамдар әңгімелесу барысында логикаларына жүгініп, айтылған сөзді сол қалпында қабылдайды. Ал әйелдерге түйсіктері көмекке келетіндіктен, айтылғанды болжап қабылдайды.

18. Әйел адамдардың тіл табыса алу қабілеті бар. Ал ер адамдар әрдайым жарысуды жақсы көреді. Тіпті, жарысып жүргендерін сезбейтін кездері болады. Әйел адамдар еркектердің әңгімелесуге құмар еместіктеріне ренжулі.

19. Ер адам жерде жатқан допты көрсе, бірден теуіп жібереді. Әйел адам керсінше, оны қолына алып лақтыруды жөн көреді.

20. Әйел адамдардың ойы жүйрік. Олар ең алдымен әр істің нәтижесін ойлайды. Ерлер мен әйел адамдардың табиғи айырмашылықтары осы.

Источник: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар