EXPO-2017

«Болашақ» бағдарламасының жаңа бастамалары

17.11.2014

8501

2014 жылғы 14 қарашада BOLASHAK ALUMNI REUNION CONFERENCE AND EDU CATION FAIR конференция-көрмесі болып өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов еліміздің білім беру нарығы мүмкіндігін «Болашақ» стипендиясының шетелдік әріптестеріне таныстыру Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауында айтылған біліктілігі жоғары кадрларды даярлау тұрғысынан өте маңызды болып табылатынын атап өтті.

Қонақ ретінде шақырылған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, «Назарбаев университеті» ДББҰ президенті Шигео Катсу, «Назарбаев Университеті» ДББҰ вице-президенті – Қадиша Даирова және халықаралық сарапшылар: Нью-Йорк Киноөнер академиясының даму жөніндегі директоры (АҚШ) – Джек Ньюмэн, Нанцзин Университеті деканының орынбасары (Қытай) – Сиао И Джу бүгін қазақстандық университеттерге шетелдік әріптестермен сындрлы сұхбат құрудың ерекше мүмкіндігі туғанын атап өтті. Бұл өз кезегінде білім саласы қызметінің озық үлгісін талқылап қана қоймай, қазақстандық жоғарғы оқу орындарының ғылыми мүмкіндігін арттыру келешегі және олардың академиялық мобильділік аясында интернационалдандыру мәселесін талқылауға мүмкіндік берді.

Кең ауқымды рекрутингілік компания және халықаралық академиялық әрі тілдік бағдарламалардың өзекті модельдерінің таныстыруын өткізу үшін «Bolashak Education Fair 2014» көрмесі 4 мыңнан астам адамды жинады. Олардың арасында – бағдарлма түлектері, еліміздің үздік оқу орындары, отандық компаниялардың 20-дан астам өкілдері, шетелдік жоғарғы оқуы орындарының 40-тан астам қызметкерлерінің басын біріктірді.

Болашақта BARCEF 2014 ТМД-дегі ірі білім көрмесіне айналады деп күтілуде.

Дереккөзі: edu.gov.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар