Өзектi

Мемлекет басшысы Үкіметке Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құруды тапсырды

12.05.2020

3545

Қазіргі әлемде болып жатқан, бәрімізге ортақ мәселе бойынша елімізде біршама істердің атқарылғаны белгілі. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылданып, жүзеге асырылғанын айтып өтті.

Сурет Akorda kz сайтынан алынды
Дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі дамудың басымдықтарын тілге тиек еткен Президент тиісті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар берді. Солардың бірі – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құру. Оған білікті ғалымдар мен сарапшылар тартылуы тиіс. Бұған COVID-19 коронавирусы басты себеп болып отыр. «Бізге денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсартуға, медициналық мекемелерді толығымен технологиялық қайта жабдықтауға, медициналық кадрлардың құзыреттілігін арттыруға бағытталған түбегейлі өзгерістер қажет. Жүйені кез-келген сипаттағы төтенше жағдайларға тез әрекет ету үшін бейімдеу қажет. Халықтың арасындағы жұқпалы аурудың таралуын бақылауға алу, телемедицина және қашықтықтан диагностикалау тәсілдерін жасау қажет. Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті түбегейлі күшейту қажет», – деген Мемлекет басшысы COVID-19 коронавирусы мен оған ұқсас вирустардың бір реттік еместігін, сол себепті бізге үнемі практикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да дайын болуымыз керек екенін қадап айтты. Президент білім және ғылым жүйесін жетілдіруді де алға тартты.

Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар