Өзектi

Ұлттық ғылыми кеңестердің жаңа ережесімен таныс болыңыздар!

26.08.2019

5123

ҚР Үкіметінің 19.08.2019 жылғы №607 Қаулысына сәйкес Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің жаңа редакциясы жарыққа шықты.
Қазақстанның ғылым саласы үшін маңызды құжат Ұлттық ғылыми кеңестер қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтынымен ерекшеленеді.
Сондықтан еліміздегі ЖОО мен ҒЗИ-да өзге де ғылымға қатысы бар мекемелерде еңбек ететін ғалымдар мен ізденушілердің бұл құжатпен танысып шығуы маңызды.
Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже бұған дейін айтылған сын-ескертпелерді басшылыққа алып, өзгертілгенін айта кетуіміз керек.
Алдағы бұл құжат Ұлттық ғылыми кеңестің жұмысын жетілдіріп, қазақ ғылымның дамуына қызмет етеді деп нық сеніммен айтуға болады.
Ұлттық ғылыми кеңестер ережесінің жаңа редакциясын төмендегі сілтемеден толықтай таныса аласыздар: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000519

«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар