Өзектi

Қазақстандағы ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудың жағдайы

06.05.2019

4721

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2011 жылы «Ғылым туралы» Заңды қабылданғаннан кейін ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру ісі қолға алынған болатын.


Бүгінде жаңа жүйе ғылымды ашық, бәсекелестік жағдайдың қалыптасуына негіз болып отыр. Осы ретте «ҰМҒТСО» АҚ 2011 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырып келе жатқан ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру ісіне осы уақытқа дейін қазақ ғалымдары тарапынан қанша өтінім келіп түскенінің көрсеткішін назарларыңызға ұсынады.
Инфогарафикадан байқағандарыңыздай, ғылыми-техникалық жобаларды гаранттық қаржыландыруға келіп түскен өтініштердің жыл өткен сайын артып келе жатқанын байқауға болады. Бұл көрсеткіштен ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру ісі өзінің тиімділігін көрсетіп, ғылыми ортада зор қызығушылыққа ие болғанын байқауға болады.


Сонымен қатар «ҰМҒТСО» АҚ-ы қызметкерлері дайындаған инфографиканың екінші бөлігінде 2011 жылдан бері Ұлттық ғылыми кеңес пен шетелдік сарапшылардан жоғары баға алып, қаржыландыруға жіберілген өтінімдердің санын көруге болады. Осы ретте 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыруда ең көп ғылыми өтінімдер қаржыландыруға жіберілгенін байқауға болады. Ал 2018-2020 жылдарға жылдары мақұлданған өтінімдер жүйе іске асқан 2011 жылдардан сәл төмендеген. Бұдан Үкімет экономикалық қиыншылықтарға қарамастан ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыру көлімен төмендетпегенін байқауға болады.


«ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар