Өзектi

«Ғылым лидері – 2017» сыйлығы тапсырылады

06.11.2017

5686

2017 жылдың 8 қараша күні «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ы мен Clarivate Analyti компаниясының бірлесіп ұйымдастырған «Ғылым лидері – 2017» дәстүрлі сыйлығы Web of Science CoreCollection ресурсында ғылыми мақалалар жариялап, жоғары сілтемелік көрсеткішке ие болған отандық ғалымдарды марапаттау рәсімі өтеді.
Айтулы шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және еліміздегі білім саясат және экономика саласында еңбек етіп жүрген беделді тұлғалар қатысады деп күтілуде.
Жыл сайын ұйымдастырылатын «Ғылым лидері – 2017» сыйлығы үш аталым бойынша берілетінін естеріңізге саламыз. Олар – Қазақстандағы үздік ғылыми басылым, Шетелдің авторларынсыз ғылыми мақала жариялап, жоғары сілтемеге ие болған қазақстандық ғалым, Жоғары сілтемеге ие болған Қазақстан қатысы бар шетелдік ғалым болып жіктеледі.
Үздік ғалымдарды марапаттау шарасының өтетін жері: Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 221 үй, Үлкен мәжіліс залы. Сағат 09:00 қонақтарды тіркеу, сағат 10:00 шараның басталуы.
Шараға қатысушыларды тіркеу 2017 жылдың 6 қарашасына дейін жүргізіледі. Марапаттау рәсіміне төмендегі сілтеме мен телефондар арқылы тіркелуге болады.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdm_LeQ0q_pd-6AkCWGyrxiJoP7EIwpoJuWAW6qRv0PHHRD2Q/viewform?usp=sf_link
Тел.:+7 727 378 05 78, e-mail: 3780544@bk.ru.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар