Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы қаласында өткен «Мен жастарға сенемін» атты студенттердің IV патриоттық форумы қарсаңында ұйымдастырылған эссе байқауында ТарМПИ-дың Химия-биология факультетінің 3-курс студенті Гүлдана Әбейдің шығармасы үздік ондықтың қатарына енді.
«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» тақырыбындағы шығармашылық байқауға Қазақстанның барлық аймағынан 1500-ге жуық студент қатысты.
Байқауға әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге және мемлекеттің, аймақтың немесе жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, экологиялық дамуына бағытталған жұмыстар қабылданды. Жұмыстар тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі және оқырманға эмоционалды әсері сынды критерилер бойынша бағаланды.
Дереккөзі: tarmpi.kz