Өзектi

АТУ ғалымдары 150°C жалынға төтеп беретін мата ойлап тапты

19.03.2015

5684

Бүінде Алматы технология университеті еліміз бойынша тағам және жеңіл өнеркәсіп саласына мамандар даяралайтын бірден-бір оқу орын болып тұр. Оқу ордасы өткен 2014 жылы жоғары оқу орындары арасындағы Ұлттық рейтинг бойынша 30 үздіктің қатарына еніп, 10-орынды иеленген-ді. Дүниежүізінің 90-нан астам еліндегі жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқаны және бар. білім ордасында көп кездесе бермейтін «Нан орталығы», «Ет орталығы» сияқты шағын зауыттардан құралған технопарктер жұмыс істейді. Таяуда Жеңіл өнеркәсіп және дизаин факультетінің деканы Раушан Жылысбаева бастаған жас ғалымдлардың отқа төзімді мата ойлап тапқанын естіген едік. Өз кезегінде факультет деканы ғылыми жаңалықты қалай ашқандарын газетімізге баяндап берді.

– Раушан Оразқызы, қазір қазақ ғалымдары түрлі жаңалықтар ашып, әлемді таңқалдыруда. Таяуда өзіңіздің бас болуыңызбен отқа төзімді инновациялық мата ойлап таптыңыздар. Жалпы, әлемде отқа төзімді материалдар бар екенін білеміз. Сіздердің ойлап тапқан маталарыңыздың ерекшелегі қандай?
– Қазіргі таңда Алматы технология университетінің оқытушы-ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты айналысуда. Өзіңіз қызығушылық танытқан отқа төзімді мата сол көптеген ғылыми жұмыстарымыздың бірі. Әрине, ғылымда қандайда бір нәтижеге қол жеткізу үшін ұзақ уақыт ізденіп, тер төгуге тура келеді. Қазіргі таңда біздер отқа төзімді, су өткізбейтін маталарды ойлап табу жолында көптеген жұмыстар атқарудамыз. Әлемде отқа төзімді біраз маталардың түрлері бар. Біздің дайындап шығарған матамыздың өзіндік ерекшілігі жетерлік. Отқа төзімді мата дайындауда қой жүнін пайдаландық. Өзіңіз де білесіз, қой жүні отқа жанып кетеді. Оның отқа төзімділігін арттыру үшін оған арамид талшығын қосып, отқа төзімділігін арттырған жаймыз бар. Жүн мен арамид талшығы пайдаланылған матаға сынақ жүргізгенімізде, ол мүлде жанбады. Орны сәл ғана қараяды. Ал жалын шарпыған жерді қолмен ұстағанымызды қолымыз күйген жоқ. Енді бұл жаңалық мемлекет тарапынан қолдау тапса, түрлі салада пайдалануға болады. Осылайша Қазақстан өзінің тұңғыш отқа төзімді матасын шығару мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі таңда біздің бұл жобамызға өзге елдің ғалымдары қатты қызығушылық танытып жатыр.
– Сөзіңіз аузыңызда, қой жүніне қосқан арамаид талшығы мұнайдан алынатын синтетикалық зат па?
– Жоқ. Арамид – органикалық зат. Отқа жанбайтын қасиетке ие. Бұл өнім Қазақстанда шығарылмайды. Сондықтан оны сырт елдерден тасымалдауға мәжбүрміз. Көбінде бұл өнімді Қытайдан алдырамыз. Біздің жаңадан ойлап тапқан матамыз өрт сөндірушілердің кимін тігуге таптырмайтын материал.
– Енді жаңа матаның мүмкіндіктері жайында айтсаңыз.
– Кеңес заманында өрт сөндірушілердің кіимдерінің көпшілігі березенттен тігілгені белгілі. Бұл мата қалың болғандықтан өрт сөндірушілердің қызыл жалынды ауыздықтағанда еркін қимылдай алмай жататыны жасырын емес. Ал біздің ойлап тақап матамыз өрт сөндірушілердің кимін тігуге өте қолайлы. Бұл матаны дайындаудың құны өзге маталарға қарағанда қымбат емес. Екінші сортты қой жүнін пайдалануға болады. Сондықтан бұл мата өзге маталармен салыстырғанда 1,5 есе арзан. Оның отқа төзімділігі 150°C сәйкес келеді. Болашақта бұл матадан күшітік құрылымдардың, өрт сөндірушілдердің және дәнекерлеушілердің киімдерін тігуге болады. Осылайша, қауіптті жерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулығын сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Домна пештерінің алдында металл балқытатын металургтердің сырт киімін де осы матадан тігу керек деп есептеймін. Қазіргі таңда біздің өнімімізге арнайы киімдер тігу ісімен айналысатын шағын кәсіпорындар қызығушылық танытуда.


– Тамаша жаңалық ашқан екенсіздер. Бұл жобаларыңызға патент алдыңыздар ма?
– Біз бұл жобамызды Оңтүстік Корея ғалымдарымен бірлесіп патенттедік. Бұл матаны дайындау жас ғалымдарымыз үшін 1,5 жыл уақытын жұмысағанын айта кетуіміз керек. Жалпы, жобаның іске асыруға университетіміздің жиырма шақты студент атсалысты. Осы ретте универистет басшылығы жастардың ғылымға деген талпынысын байқап, олардың бұл жұмысты аяғына дейін жеткізуіне барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасағанын айтуға тиіспін.
– Тағы да қандай маңызды жобаларыңыз бар?
– Бір мата өңдеп, оған түрлі қасиет беру үшін 2-3 жыл уақыт қажет. Мұндай ғылыми жұмыстарға оқу орнындағы барлық студенттер, магистранттар, доктаранттар тартылады. Әдетте біздер жеңіл өнеркәсіп саласы дегенде есімізге тоқыма-тігін саласы түседі. Рас, жеңіл өнеркәсіп саласында тоқым-тігін саласының алатын орыны ерекше. Бірақ бұл саланың өзге де қызықты, ғылыми ізденістерді қажетсінетін тұстары бар. Айталық, отқа төзімді, медицина саласына арналған материалдар дайындау ісі ыждаһатты ғылыми ізденісті қажетсінеді. Қазіргі таңда университет ғалымдары бактерия мен инфекция өткізбейтін матаның түрін дайындау үстінде. Егер жобамыз сәтті жүзеге асса, біздің дайындаған матамыздан медицина мамандарына қажетті халаттар тігуге болады. Сондай-ақ, әскерилер үшін су өткізбейтін мата да дайындап жатқан жаймыз бар.
– Еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласының дауына қандай баға бересіз?
– Бүгінде Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы кенжелеп қалғаны жасырын емес. Бізде жеңіл өнеркәсіпті өркендетуге қажетті мамандар біздер бар. Бірақ бұл салаға мемлекеттің қолдауы жетіспей тұр. Кейбіреулер «Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласына қажеттер мамандар тапшы, сондықтан бұл сала дамымай жатыр» деп айтып жүр. Өз басым бұл пікірмен қосылмаймын. Кеңес заманынан бері үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан Алматы технология университеті тәуелсіздік жылдары жеңіл өнеркәсіп саласына қажетті мыңдаған маман даярлап шығарды. Солардың көпшілігі мамандығына сай жұмыс таба алмағандықтан басқа салада еңбек етіп жүр. Жеңіл өнеркәсібі бізден көш ілгері дамыған Қырғызстанның мамандары біздің университетімізге келіп, біліктілігін шыңдап жүр. Егер де Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы мамандарының білігі төмен болса, олар бізге келмес еді ғой. Сондықтан Қазақстанда жеңіл тоқыма-тігін саласының мамандары тапшы деген пікірмен келіспеймін.
Нұрлан Жұмақанов,
«ҰҒТАО» АҚ Баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар