Өзектi

2014 жылы білім беру ұйымдарын мемлекеттік бақылау нәтижесінде еліміздегі 3 ЖОО лицензиясынан айырылды

19.01.2015

6056

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 59-бабына сәйкес ведомстволық бағыныстылығына қарамастан меншiк нысандары мен білім беру ұйымдарында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырды, деп хабарланған ведомствоның сайтында.
Есептік кезеңде аталмыш бақылау комитеті және оның аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттері 894 тексеру жүргізді, оның ішінде 325 жоспарланған және 569 жоспардан тыс тексерулер болды.

Жоспарланған тексерулер қорытындылары бойынша 142 білім беру ұйымның лицензиясы қолданысы уақытша тоқтатылды (43,7%). Жоспардан тыс тексерулер қорытындысы бойынша барлық білім беру ұйымдарының лицензия қолданысы қайта жандандырылды. Шағым бойынша 4 жоғары оқу орнында жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Сондай-ақ жоспарға сәйкес 2061 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация өткізілді. Бақылау шаралары нәтижесінде білім беру қызметінің МЖМБС талабына сәйкес келмегендіктен және оқушылардың білім деңгейінің төмендігіне байланысты 912 білім беру ұйымы (38,4%) аттестаттталған жоқ. Қайта аттестаттау қорытындысы бойынша 15 жоғары оқу орнының және 1 республикалық деңгейіндегі училищенің лицензия қолданысы қайта жандандырылды.

Сот шешімі бойынша 3 ЖОО білім беру қызметіне берілген лицензиядан айырылды және 1 жоғары оқу орны өз еркімен лицензияны қайтарды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар