Өзектi

ҚарМУ-да Жел энергетикасының қондырғысы жасалды

29.01.2018

5459

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушысы, философия докторы (PhD) Д.А. Афанасьев TiO2 и Ag/TiO2 негізіндегі күн ұяшықтарының фотовольттық және электротранспорттық қасиеттерін зерттеді деп хабарлайды «ҰМҒТСО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі.
Жоба барысында «Ядро-қабықшасы» негізіндегі күн ұяшықтарын дайындау технологиясы жетілдірілді. Плазмондардың органикалық молекулалары бар жарықтың жұтылуы әсерінің математикалық үлгісі жасалды. ПӘК-і жоғары күн элементін жасаудың тиімді технологиясы таңдалды. Таңдалған ұяшық негізінде плазмалық күн ұяшығының зертханалық үлгісі жасалды. Жоба бойынша 16 мақала жарық көрген, оның 10-ы шетелдік (Thomson Reuters және Scopus базасы бойынша нөлдік импакт-факторымен) басылымдарда жарияланған.
Табиғи жел жағдайында полигонда тәжірибелік үлгілерге аэродинамикалық сынақ жасалды. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі ҚарМУ-дың физика-техникалық факультетінде оқу үдерісіне енгізілген, сонымен қатар жел энергетикасы қондырғысы тәжірибелік үлгісі Қарағанды қаласындағы «Гидродинамикада» өнеркәсіптік сынақтан өткен.
Плазмалық резонанстың беткі қабатын қолданған жағдайда фотоанодты материалдарды аз қолдана отырып күн энергетикасын электр энергиясына әлдеқайда тиімді айналдыруға арналған күн ұяшықтары жасалды.

«ҰМҒТСО» АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар