Өзектi

«Дінмұхамед Қонаев – дәуіріміздің ұлы тұлғасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

17.11.2017

5421

Д.Қонаев халықаралық қоры Жамбыл облыстық филиалы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Дінмұхамед Қонаев – дәуіріміздің ұлы тұлғасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты - Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру, Д.Қонаевтың өмір жолы мен еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Ғылыми конференцияға ТарМПУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Д.Қожамжарова, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Шүкеев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Кабульдинов, Д.Қонаев халықаралық қоры Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, Жамбыл облысының Құрметті азаматы А.Карентаев, «Ғұмыр-Дария» облыстық газетінің бас редакторы, Д.Қонаев халықаралық қоры Жамбыл облыстық филиал төрағасының орынбасары, Қазақстанның Құрметті журналисі Ж.Миллионов, Д.Қонаев халықаралық қоры Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Әлсейітұлы, ТарМПУ жанындағы Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығының директоры О.Қоңыратбаев қатысып, пленарлық отырыста өз баяндамаларын оқыды.

«Дінмұхамед Қонаев – дәуіріміздің ұлы тұлғасы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті
Сонымен қатар, ТарМПУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Д.Қожамжарова мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор З.Кабульдинов бірлесе жұмыс жүргізу туралы екі жақты меморандумға қол қойды. Конференция барысында ТарМПУ жанындағы Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталғының жетекшілігімен басып шығарылған «Жамбыл облысының тарихы: 1939-1945 жылдардағы құжаттамалар мен материалдар» атты кітабының алғашқы томының лентасы қиылды.
Конференция жұмысы секциялық бағыттар бойынша жалғасын тапты. Жинақталған материалдар алдағы уақытта жинақ ретінде жарық көреді.


Дереккөзі: tarmpi.kz


«« | »»
Соңғы жаңалықтар