Өзектi

Қазақ ғалымдары сарқынды суды электрохимиялық тәсілмен 92 пайызға дейін тазартудың тәсілін тапты

24.11.2016

5570

Техногендік қалдықтармен ластанған су көздерін электрохимиялық тәсілмен тазартудың тың тәсілін Д.В. Сокольский атындағы катализ және электрохимия ғылыми-зерттеу институтының бір топ ғалымдары ойлап тапты, – деп хабарлайды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.
Өндірістік қалдықпен ластанған сарқынды су көздерін электрохимиялық тәсілмен тазартудың технологиясын әзірлеу жобасына химия ғылымдарының кандидаты А.Е. Қоңырбаев пен техника ғылымдарының докторы, профессор В.А. Колеснико жетекшілік жасаған.
Ғалымдар сарқынды суды техногендік қалдықтардан тазарту үшін бірінші кезекте экстракциoнды-электрoхимиялық тәсілмен ұнтақ және бөлшектелген электродтар дайындаған. Бұдан кейін осы электродтардың көмегімен лас суды тазартқан. Нәтижесінде өндірістіктік қалдықпен ластанған сарқынды суды 92 пайызға дейін тазарған. Бұл жобаны тағы бір тиімділігі электр қуатын аз тұтынатынымен де ерекшеленгенін айта кетуіміз керек.
«ҰҒТАО» АҚ Баспасөз қызметі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар