Өзектi

Халықтық «жасыл» технологиялар академиясында 3 мың адам білім алып шықты

05.09.2016

5976

Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылында «Халықтық «жасыл» технологиялар академиясы» білім тарату орталығының құрылғанына биыл бір жыл толып отыр.

Ол БҰҰ ДБ мен «Coca-Cola» Халықаралық қорының гранттық қолдауымен «Жасыл» экономика үшін коалиция және G-Global дамыту» ЗТБ бастамасы бойынша құрылды.

Орталықтың негізгі міндеті - еліміздің әртүрлі санаттағы тұрғындарын «жасыл» экономика және «жасыл» технологиялар біліміне оқыту, энергетика және суды үнемдеу технологиялары мен практикаларын пайдалану тәжірибесімен таныстыру.

Шынайы демонстрациялық объектілерде энергия үнемдеу және органикалық ауыл шаруашылық саласында мейлінше тиімді технологияларға оқыту, шағын энергетика, энергиямен тиімді жылыту және жарық беру, туризм, «жасыл» құрылыс, қалдықтарды жою және басқа бағыттар бойынша елімізде жүзеге асырылып жатқан жобаларды көбейту қолға алынған.

Академия ауылдық жерлерде бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің, әкімдік ғимараттарының шығынын азайтуға, онда «жасыл» теxнологияларды енгізуге өз үлесін қосуда.

«Академияда жинақталған энерготиімді теxнологиялар мектептерде, балабақшаларда, емxаналарда, әкімдіктерде қолданса, бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге болады. Вячеслав орта мектебі пиролиз пештерін және жарықдиодты шамдарды қолдану арқылы жылына 3 миллион теңге үнемдейді», - дейді «Ақбота» қоғамдық қорының директоры Татьяна Немцан.

«G-Global «жасыл экономика» мен даму коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова Ақмолада құрылған Халықтық «жасыл» технологиялар академиясы Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде энергия және суды тиімді үнемдеудің үздік тәжірибесін таратудың бағыттаушысы атанғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта академия филиалы Қарағанды облысында да құрылған.

«Вячеслав мектебінде жасалған тәжірибе Аршалы ауданында орналасқан өзге мектептерге де енгізілетін болады. Қазір бұл мәселе талқылануда. Академияда енді тәжірибе молынан жинақталды», - дейді С. Раxымбекова.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар