Өзектi

«Burnoye Solar-1» ЕХРО-ға қатысуға өтініш берді

22.07.2016

6066

Әлемдік стандартқа сай «Burnoye Solar-1» ЖШС өткен жылдан бастап энергия қуатын таратуға кіріскен. Елімізде ғана емес, Азияда теңдесі жоқ күн электр стансасы бүгінде қуаты 50 МВт болатын энергия өндіріп отыр.
– Біз Астанада өтетін халықаралық ЕХРО – 2017 көрмесіне қатысуға өтініш жібердік. Азиядағы энергия өндіретін бірден-бір ірі серіктестік болғандықтан, оған қатысуға толық мүмкіндігіміз бар. 50 МВт қуат көзін өндіру дегеніміз ол тұтас екі ауданға қуат көзін таратумен бірдей, – дейді «Бурное» күн электр стансасының басшысы Иван Анатольевич.
Жуалы өңірінен салынған күн электр стансасы – «Самұрық Қазына Инвест» және UGEL біріккен жобасының нәтижесі.
Жуалы ауданындағы қыраттың күнгей беткейіне орналасқан күн электр стансасының аумағы – 150 шаршы шақырым.

Дереккөзі: akjolgazet.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар