Өзектi

ЕНБЕК НАРЫҒЫНДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ ТҮЛЕКТЕРІ СҰРАНЫСТА

14.07.2016

5797

Президент Үкімімен 2012 жылдың қараша айында құрылған АҚ ЕЭА«Тараз Химпарк», өкілдерімен 30 маусымда технологиялық факультеттің бітірушілері кездесу өткізді. Кездесуде алғашқы сөзді технологиялық факультеттің деканы, э.ғ.д., профессор Ә.Т. Әймен ашты. Ол өз сөзінде ЖОО-ның бірегей материалдық-техникалық базасы мен мамандарды дайындаудың негізгі бағыттарына тоқталды. ЕЭА - ді құру мақсаты - бәсекеге қабілетті, жоғарғы технологиялық, химия өнімдерінің экспорты мен импортын алмастыру үшін тікелей инвестиция тартуға ыңғайлы жағдай жасау. Сонымен қатар жоба мақсатына химиялық өнеркәсіптің дамуына қолдау көрсетумен қоса, қазіргі заман талабына сай қосымша құны қосылған химиялық өнімдерді шығаруда жоғарғы әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының экологиялық қауіпсіз технологияларды тарту болып табылады. Таяу күндері алғашқы сутегі пероксид шығаратын зауытын іске қосуды ЕЭА жоспарланып отыр.

Өндірісті мамандармен қамтамасыз етуде ЕЭА-дің өкілдері АҚ «Химпарк-Тараз» бас менеджері Алимкулов Ерзат ЖШС «Ника» бас директоры Жанисов Амангелді биотехнологтар, химиктер және химик-технологтармен өндірістің болашағы туралы әңгіме өткізді. Олар факультет бітірушілерінің ішінен таңдап, жас мамандарды бір жыл ішінде шет елде білім алуға мүмкіндік жасамақшы. Барлық таңдалған мамандарды пәтерлер мен әлуметтік тұрмыстық жағдайымен қамтамасыз етеді. Бітірушілер жаңа өндіріспен қызығушылықпен таныса отырып, көптеген сұрақтар қойды және оларға жұмыс берушілер толық жауап берді. Кездесудің нәтижесінде АҚ ЕЭА «Химпарк Тараз» өкілдерімен келісім шартқа отырды және болашақта жаңа өндірістерді енгізу жұмыстарымен және басқа да бағытта мамандар дайындаумен жалғастыру негізге алынады.


Факультет деканының орынбасары Хажгалиева Д.М.

Дереккөзі: tarsu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар