Өзектi

Қазақстандық педагогтар мен медицина қызметкерлері Израильде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды

01.06.2016

5612

Астанада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі - ХБО АҚ) және Тель-Авив университеті (ТАУ) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ХБО АҚ президенті Гани Ныгыметов пен ТАУ президенті Иосиф Клафтер қол қойды.

Халықаралық бағдарламалар орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, меморандум мақсаты білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша ХБО АҚ және ТАУ арасында қызметті орнату және ықпал ету болып табылады. Атап айтқанда, серіктестік шеңберінде Израильге Қазақстаннан ғылыми, педагог және медицина қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуі бойынша қысқа мерзімді оқу бағдарламалары ұйымдастырылады, сондай-ақ курстар, семинарлар, тренингтер мен білім саласындағы Израиль тәжірибесін зерделеу бойынша мастер-кластар өткізіледі деп күтілуде.

Меморандумға қол қою таныстыруы Астанада Қазақстан мен Израиль іскерлер мен ғалымдар ортасы өкілдерінің қатысуымен өткізілген Қазақстан Республикасындағы ТАУ достары қауымдастығымен ұйымдастырылған.

Қол қою рәсімінің қатысушылары меморандум шеңберінде өзара іс-қимылдың үлкен перспективаларын атап өтті. Бүгінгі күні ТАУ әлемдік деңгейдегі инновациялық кәсіпкерлік жоғары оқу орны болып табылады. ТАУ-дың Инновациялар және кәсіпкерлік орталығы Израиль үкіметімен тығыз байланыста, әлемнің басқа да институттарымен және зерттеу орталықтарымен, өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықта. ТАУ-да сонымен қатар Ramot коммерциализация кеңсесі мен StarTAU кәсіпкерлік орталығы әрекет етеді.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар