Өзектi

Қазақстан мен ЭЫДҰ елдері арасында білім беру деңгейіндегі айырмашылық қысқарады

30.05.2016

5314

Қазақстан мен ЭЫДҰ елдері арасында білім беру деңгейіндегі айырмашылық қысқарады. Бұл туралы бүгін Назарбаев Университетінде Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастығы бойынша Елдік бағдарлама жобасы нәтижелерін таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

«Елдің бәсекелік артықшылықтарын кеңейту үшін адами каптиталды құру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Осыған байланысты бізде біртіндеп мектепте 12 жылдық білім беру жүйесі енгізілуде. Осы ретте қабылданып жатқан шаралар Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері арасында мектеп оқушыларына білім беру деңгейіндегі айырмашылықты 2021 жылға қарай екі есеге қысқартуға мүмкіндік береді деп болжап отырмыз. Яғни бұл жұмыстар білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламалар (PISA) талаптарына сәйкес атқарылады»,-деді М. Құсайынов.

Бұдан бөлек, ол мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қызметтің аудиті мен оны бағалаудың үздік тәжірибесі енгізілетінін атап өтті.

«Бұл реформалар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізген Функционалдық шолуда айтарлықтай дәрежеде негізделген»,-деді бірінші вице-министр.

Автор: Руслан Ғаббасов

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар