Өзектi

Ғалымдар баланың басқа мектепке ауысуы оқу үлгеріміне қалай әсер ететінін айтты

16.10.2015

6592

Америкалық ғалымдар тобы бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектепті жиі ауыстыру баланың оқу үлгеріміне теріс әрекет ететінін анықтады.
Психологтардың айтуынша, мектепті жиі ауыстырғанда балалардың математикалық ғылымдарға бейімділігі төмендейді. Ол балалардың мектептегі іс-әрекетіне де әсер етеді. Атап өтейік, зерттеуге 381 адам қатысты. Еріктілердің барлығы бастауыш сынып оқушылары болды. Зерттеуге қатысқан қыздардың жартысы табысы төмен жанұялардан болған.

Барлық оқушылар төртінші сыныпқа арналған математика бойынша тестілеуден өтті. Мектепті жиі ауыстырған еріктілердің көрсеткіші өзге қатысушылардікіне қарағанда шамамен 10 ұпайға кем болған. Сарапшылардың пікірінше, мектепті көп ауыстыру баланың интеллектуалдық қабілетін кем дегенде екі есеге төмендетуі мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар