Өзектi

Оңтүстікқазақстандық ЖОО ҮИИД МБ бойынша білікті мамандар дайындауды бастады

16.01.2015

6482

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген кәсіпорындар үшін білікті мамандар дайындауды бастады, деп хабарлады www.24.kz.
Әзірге құрылыс индустриясы тамақ және химия өнеркәсіптері мен мұнай-химия саласына қажетті мамандардың сұранысын қанағаттандыру көзделіп отыр. Университет шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлесіп, магистранттарды даярламақ. Білім беру бағдарламаларының халықаралық деңгейін қамтамасыз ету үшін заманауи құралдармен жабдықталған 4 ғылыми-зерттеу орталығын құруға ниетті. Яғни осы бағытта дайындалған мамандар міндетті түрде жұмысқа алынады. Мәселен, Мырзахан Манапов «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында үкіметтен көмек алып, күніне 1,2 тонна түйе сүтін өңдеп отыр.

- Шұбаттан басқа түйе сүтінен құрт-май өнімдерін шығаратын технолог-маман іздеп жатырмыз.дейді кәсіпкер Мырзахан Манапов.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ проректоры Дархан Сабырхановтың айтуынша, осындай сұраныс үшін Үкімет тарапынан үлкен қаржы бөлініп отыр. Маман дайындауға шетелдік әріптес ЖОО-ларды қатыстыру қарастырылуда.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар