Өзектi

Миға қуат беретін тағамдар түрін білеміз бе?

14.01.2015

6066

Ми адам ағзасындағы басты «тұтынушының» бірі десе де болады. Мамандардың айтуынша, жинақталған калорияның 30-40 пайызына дейін миды қуаттандыруға жұмсалады. Сонымен, ми үшін не қажет?!
«Зиянды тағамдар асқазанға салмақ түсіріп қана қоймай, ми жұмысына да кері әсер етеді», - дейді зерттеушілер. Интернеттегі мамандар кеңесіне сүйенсек, Е дәрумені бар шикі бадам ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті екен. Есте сақтау қабілетін дамытатын антиоксиданттарға бай кешью, грек жаңғағы да аса пайдалы. «Сонымен қатар, қара шоколадтың, кәдімгі алма, жұмыртқаның да ми үшін қажет екенін ұмытпалық», -дейді диетологтар.

Дуанабай Жолдасбек

Дереккөзі: aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар