«Технологияларды коммерцияландыру» ұғымы Қазақстанда кейін пайда болса да, әлемдік көштен қалыспай келеміз. Қазақстандық ғалымдар 2014 жылы Технологияларды коммерцияландыру орталығы жанында жалпы сомасы 1,46 млрд теңгені құрайтын гранттық бағдарлама негізінде біршама бастамалар жүздеге асқан.
Соның бірі - төрт бағыт бойынша жүргізілген гранттық бағдарлама. Аталмыш бағдарлама бойынша, табиғат қорларын тиімді пайдалану, шикізатты және өнімдерді қайта өңдеу негізінде жұмыс жүргізілсе, екеіншіден, энергетика және машина жасау, сонымен қатар, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды жетілдіру мен қоса, өмір туралы ғылым бағыттары басыты нысанаға алынған.
Нәтижелі жұмыс үшін Білім және ғылым министрлігімен CRDF Global америкалық азаматтық зерттеу қорынан халықаралық серіктестер тартылды. Бүгін күні алдыңғы қатарлы шетелдік сарапшылар Астанада қаласында Орталыққа хабарласқан қазақстандық ғалымдар мен әзірлеушілерге кеңес беруде.
«Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС-нің Бас директоры Дамир Егізбаев: «Қазақстанда технологияларды коммерцияландыру үдерісінен өтіп жатқан қаржыландырылған кейбір жобаларды мысалға келтіруге болады. Елде қоңыр көмірінен бензин және дизельді отын өндіру қолға алынып, аталған жобаны 2013 жылдан бері Көмір химиясы және технологиялар институты іске асыруда. Көмірді қайта өңдеу үдерісі дүние жүзі мамандарымен дайындалған. Елдегі ғалымдар бұл технологияны отандық қоңыр көмір ерекшеліктеріне сәйкес бейімдендіре алды, сондай-ақ технологиялық үдерісті шапшаңдатып және отын бағасын төмендете алды. 2015 жылдың сәуірінде Ерементау жанында әзірше тәулігіне 0,8 тонна қуаттылығымен «Сарыадыр» көмір кенінде шағын тәжірибелік-эксперименттік кешен құрылмақ.
Сұйық отынның бағасы 1 литрына 42 теңгені құрайды. Бүгінгі күні, көмірден бензин және дизельді отын өндіру бойынша эксперименттік кешені жұмысының сәтті жүрген жағдайында өнеркәсіптік өндіріске 1 млн. АҚШ долларын жұмсауға дайын инвестор да табылып отыр», ̶ дейді. Аталмыш жоба арзанқол материал, мысалы, арнайы киімдер, өнеркәсіптік объектілер және т.с.с. үшін пайдаланылатын әмбебап оттан қорғайтын сұйықтықты жасамақ. Бұл жобаны ҚБТУ ғалымдары алғаш ұсынған болатын. Биылғы жылы Қазақстанда әмбебап оттан қорғайтын сұйықтықты жасаудың тұңғыш өндірісі басталмақ.
Аталған сұйықтық уытты емес, шетелдік ұқсас сұйықтықтардан 1,5-3 есес арзан, пайдалану мерзімі 2-5 жыл орнына 7 жылды құрайды. Әлеуетті сатып алушылары да бар – ол таяу шетелдерінің жиһаз фабрикалары. Қазақстанның кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындары сұйықтыққа алдын ала тәжірибе жасауға және оны бұдан әрі сатып алуға келісімдерін берді.
Сондай-ақ, ИТ- технологияларымен байланысты жобалар бар. Мысалы, солардың бірі - 3D - принтерлерін жасау. Бүгінгі күні бұл технология әлемде айтарлықтай белгілі, бірақ тұтынушылар оларға қызмет көрсету кезінде көптеген үлкен мәселелермен қақтығысады. Біздің әзірлеушілер «кілтті» сервисті ұсынды, яғни – өндіру, техникалық қызмет көрсету, оқыту және бағдарламалық жасақтаманың үнемі жаңартылып отырылуы. Және ең бастысы мұндай 3D-принтерінің нарықтағы бағасы 20-30%-ға төмен. Негізгі тұтынушылар – олар стоматология (тіс протездері), архитектуралық-құрылыс бюросы, оқу орындары (кез келген формалы натуралық макеттер). Технология үлкен сұранысқа ие болып шықты.
Жоба 2014 жылдың желтоқсанында біздің қолдауға ие болды, ал қазіргі таңда грантты алушылармен энергетикада тежеу заттарын өндіру үшін пайдаланылатын төрт 3D-принтерін жеткізу келісім-шарттары жасалды.
Қазақстанда ҚРБҒМ жанындағы «Технологияларды коммерцияландыру» Жобасы 2008 жылдан бері Халықаралық Қайта құру және даму банкімен (Дүниежүзілік Банк) қарыз туралы Келісім шеңберінде іске асырылуда.
2011-2013 жылдар аралығында сомасы 4,5 млрд теңгені құрайтын 33 инновациялық жоба қолдауға ие болды, ал Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанында Халықаралық материалтану орталығы құрылды.
2013 жылы «Технологияларды коммерцияландыру» Жобасын жалғастырған «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС өз жұмысын бастады. 2015 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Орталық коммуникациялық қызметінде «Қазақстанның инновациялық ғылыми-техникалық дамуының негізгіүрдістері»тақырыбы бойынша брифинг өтті. Елбасы өз сөзінде елге ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерциялаудың тиімді жүйесінің өмірлік қажет екендігін атап өткен болатын.
Аталған жүйенің дамуының маңызды құрамы ғылым мен бизнес арасындағы мықты байланыс болып табылады. Ғылым мен бизнестің арасындағы байланыстың дамуына қолғабыс ету мақсатында Министрлік Дүниежүзілік банктің қатысуымен Технологияларды коммерциялау жобасын жүзеге асыруда және оның шеңберінде «Технологияларды коммерциялау орталығы» қызмет етуде. Осы мақсатта Министрлік «Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциялау туралы» заңжобасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Негізгі заңнамалық қосымшаларда авторлары ғалымдар, ЖОО, ғылыми ұйымдар болып табылатын Ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін (ҒТҚН) коммерциялық пайдалануда бизнес-құрылымды ынталандыру механизмі қарастырылған.
Сондай-ақ заңжобасы ҒТҚН коммерциялауда кепілдендірілген мемлекеттік қолдауды бекітеді және ол ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Жобалардың жүргізілу циклін ғылыми идеяны экономикаға ұштастыру арқылы аяқтау үшін Astana Business Campus ғылыми паркі құрылуда. Astana Business Campus Ғылыми паркі Назарбаев Университеті Зияткерлік-инновациялық кластерінің маңызды элементінің бірі юолып табылады. Құрылып жатқан Astana Business Campus аумағында корпоративтік ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық орталықтар орналастырыланты болады.
Сонымен қатар, ғылым мен білім беруді біріктіру, Қазақстанда корпоративтік ғылыми орталықтар құру шаралары, жоғары ғылыми ұйымдарының қолданбалы ғылыми-зерттеу құрылымдарын құру және дамыту, ғылым мен бизнесті біріктіруде инновациялық жоғары технологиялық кластерлерді дамыту, ұжымдық қолданыстағы зертханалар, коммерцияландырылып жатырған жобалар туралы және т.б. мәселелер белсенді талқыланды.
Қазақстанның инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы жыл сайын қарқындылық танытып келеді.
Жұматаева Еркежан
Дереккөзі: turkystan.kz