Өзектi

ҚР БҒМ тәжірибелік-конструкторлық ізденістерге қаржыны ұлғайтпақ

12.01.2015

5610

ҚР БҒМ тәжірибелік-конструкторлық ізденістерге қаржыны ұлғайтпақ. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Такир Балықбаев мәлiм еттi.
«Әлемде бүгінгі таңда іргелі зерттеу және қолданбалы ғылымға бөлінетін қаржының 40 пайызы бағытталып, ал қалғаны ары қарай іздестіру мен енгізу жұмыстарына тартылады»,-деп тоқталды ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бұл бағытта елімізде жағдай өзгешелеу.

«Дәлірек айтқанда, қаржының 84 пайызы іргелі және қолданбалы ғылымға бөлінеді де, тек қана 16 пайызы ізденіс жұмыстары мен тәжірибелік бағыттарында игеріліп жатыр. Бұл мәселені шешу үшін бірқатар шаралар қабылдануда»,-деді Т. Балықбаев.

Оның айтуынша, осы тұрғыда технологияны коммерцияландыру аясында үлкен жоба соңғы төрт жылда Дүниежізілік банкпен іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты - қазақстандық ғалымдардың ғылыми нәтижелерін өндіріске енгізу.

«Атап айтатық болсақ, соңғы жылдардың ішінде 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, 33 жоба іске асты»,-деді министрдің орынбасары.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар