Өзектi

ЕАЭО аясында жұмысқа орналасу үшін кейбір салаларда дипломды растау қажет болады

09.01.2015

5551

ЕАЭО елдеріндегі еңбек мигранттарына дипломдарын растау кейбір салаларда ғана қажет етіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Еңбек мигранттарына ЕАЭО шеңберінде берілетін әлеуметтік кепілдіктер» тақырыбындағы брифингке ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.
«Педагогикалық, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және фармацевтика секілді бөлек салалардан басқасына білімі, біліктілігі туралы құжаттар растауды қажет етпейді», - деп нақтылап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім күшіне еніп, оған мүше мемлекеттердің қызметтері, тауарлары мен капиталының, сондай-ақ жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін жағдай жасалып отыр.

Құжатқа сәйкес, елдерде ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында бекітілген жұмысқа орналасу үшін рұқсат алу рәсімі жойылды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар