Өзектi

Келесі жылы білім мен ғылымға бюджеттен 511 млрд теңге бөлінеді

16.09.2014

6545

Республикалық бюджет жобасына сәйкес, алдағы үш жылда білім беру мен ғылымды дамытуға 1 трлн. 726 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы - 511 млрд. теңге қарастырылып отыр.
Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
«Атап айтқанда, білім нысандарын салуға үш жылда 76 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде 4 млрд. теңге республикалық нысандарды, ал 72 млрд. теңге жергілікті маңызы бар нысандарды салуға жұмсалады. Сонымен қатар, «Назарбаев Университеті» және «Назарбаев Зияткерлік мектептерін» дамытуға арналған нысаналы салымдар 2015 жылы 64 млрд. теңгені құрайды», - деді министр Б. Сұлтанов.
Оның сөзіне қарағанда, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға 2015-2017 жылдары 300 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр. Ал «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын іске асыруға және балабақшалар салуға 2015-2017 жылдары 330 млрд.теңге көзделген. Осы мақсатқа 2015 жылы 96 млрд. теңге қарастырылады.


Дерекөзі: http://www.inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар