Өзектi

С дәрумені темекі тартатын жүкті әйелдердің сәбиін қорғайды

26.05.2014

7840

Жүктілік кезінде темекі тартуды тастамайтын әйелдердің бұл әрекеті болашақ балаларының денсаулығына, әсіресе өкпесіне қатты кесірін тигізеді. Алайда, осыны біле тұра әйелдердің көбі жаман әдетінен арылуға асықпайды.
Зерттеулерге қарағанда, С дәрумені шылым тартатын әйелдер балаларының өкпесіндегі сырылдың пайда болуын азайтады. Атап айтқанда, дәрумен нәрестелердің өкпе ауруларының дертіне тосқауыл қоюдың қарапайым және арзан әдісі болып табылады.

С дәрумені құрсақтағы баланың өкпесі дамуы кезінде никотиннің әсерін жоюға ықпал етеді екен, деп жазады шетелдік БАҚ.

Автор: Руслан Ғаббасов

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар