Әлемдегі ғылым

Ғалымдар сәулелену қаупі төмен кішігірім рентген жасады

13.07.2023

924



Жапонияның физика-химиялық зерттеулер институтының (RIKEN) қызметкерлері объектілерді «рентгендік» суретке түсіру үшін электромагниттік спектрдің терагерц диапазонын тиімді пайдаланатын сәулелену зияндылығы төмен портативті құрылғы жасады. Бұл туралы SciTechDaily сайтында жазылды. 

Белгілі бір әдістерді оңтайландыру және арнайы материалдарды пайдалану арқылы олар терагерц толқынының шығу қуатын едәуір жақсартып, сонымен қатар құрылғыны кішірейткен екен. 

Генерациялай алатын құрылғылар қуатты субтерагерц сәулесі арқылы кескінді өңдеуге, сондай-ақ аналитикалық жұмыстарды атқаруға өте ыңғайлы деп отыр ғалымдар. 

Зерттеушілер электроника, оптика және фотоника саласы бойынша жұмыс істейтін жапондық компанияларымен бірлесе отырып, терагерц спектроскопиялық жабдықтарына арналған қосымшаларды әзірлемек. 

Дерек көзі: https://fbm.ru/novosti/science/riken-uchenymi-sozdan-ruchnoj-rentgen-bez-opasnogo-izluchenija.html

«« | »»
Соңғы жаңалықтар