Әлемдегі ғылым

Ұлыбританияда бидай өнімділігі бойынша әлемдік рекорд орнатылды

03.02.2023

327



Ұлыбританиядан қарапайым фермер гектарына 179,6 центнерден бидай, гектарына 162 центнерден арпа алған. Бидай 8,29 гектар алқаптан өнім берген.  Сарапшылар бұндай нәтижелер климаты өзгеріп жатқан елдердегі өсімдік шаруашылығының келешегіне көп көмектеседі деп отыр. 
 
Бұл рекорд 2022 жылы Ұлыбританияның кірістілігін жақсарту желісінің жыл сайынғы марапаттарымен танылған. Британдық фермер Тим Ламиман 2020 жылы Жаңа Зеландиялық фермер Эрик Уотсон орнатқан 173,98 ц/га бидай жинау рекордын жаңартты. 2017 жылғы рекорд 167,91 т/га болған. 
 
Арпа өсіру бойынша Ламиман 2021 жылы орнатылған 142 кв/га рекордын басып озды. Бұрынғы арпа рекордын 2015 жылы Жаңа Зеландиялық фермерлер Уоррен мен Джой Дарлинг 138 кв/га көрсеткішпен жасаған. Бұған дейінгі арпа рекорды 25 жыл бойы сақталып келген. 
https://www.abc.net.au/news/2023-02-09/tim-layman-guiness-world-records-wheat-barley-yields/101950212  
«« | »»
Соңғы жаңалықтар