Әлемдегі ғылым

RDRE – зымыран қозғалтқышының жетілдірілген дизайны

30.01.2023

970



Ұлттық аэронавтика және ғарыш агенттігінің (NASA) қозғалтқышты жобалау инженерлерінің тобы болашақ қозғалтқыш жүйелерін құру тәсілін айтарлықтай өзгерте алатын толық ауқымды айналмалы детонациялық зымыран қозғалтқышын немесе RDRE, зымыран қозғалтқышының жетілдірілген дизайнын жасап, сынақтан өткізді. 

RDRE дәстүрлі зымыран қозғалтқышынан өзгеше. Ол детонация сияқты отынның тез, тіпті дыбыстан жоғары жылдамдықпен жануы арқылы күш береді. Бұл жағдайда жанып кеткен өнім жоғары жылдамдықпен лақтырылады. Бұндай құрылым қазіргі қозғалтқыш жүйелеріне қарағанда аз отынмен көбірек қуат өндіреді және Ай мен Марс сияқты терең ғарыштық сапарлар үшін басқарылатын қондырғыштарды да, планетааралық көліктерді де қуаттайтын әлеуетке ие. 

RDRE прототипі 3D технологиясы арқылы жасалған. Сондықтан NASA оның шыдамдылық уақытын анықтағысы келген. Басты мақсаты қозғалтқыштың тұрақты жұмыс істейтінін және тұрақты күш беретінін растау болғандықтан, және ол сәтті жүргізілді.  

NASA және оның коммерциялық серіктесі IN Space LLC қазіргі уақытта салмақты 4500 кг-ға дейін арттыратын үлкенірек прототип жасауды жоспарлап отыр. Бұл орташа өлшемді зымыран қозғалтқыштарының диапазонына сәйкес келеді, бірақ RS-25 (180 000 кг астам) немесе SpaceX Merlin (шамамен 91 000 кг) қарағанда әлдеқайда аз. NASA қуаттырақ RDRE бұл технологияның дәстүрлі сұйық зымыран қозғалтқыштарынан қауіпсіз түрде асып түсу жағдайын жақсы түсінуге көмектеседі деп күтеді. 

https://www.nasa.gov/centers/marshall/feature/nasa-validates-revolutionary-propulsion-design-for-deep-space-missions  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар