Әлемдегі ғылым

400 жылға дейін жұмыс істейтін батарея

11.01.2023

1027



Жаңа жылда жаңа ғылыми жаңалықтар пайда болуда. 2023 жылдың аяқ басқаны сол екен Ирвиндегі Калифорния университетінің студенті 400 жылға дейін жұмыс істей алатын  эксперименттер барысында қайта зарядтау арқылы 400 жылға дейін жұмыс істей алатын батареяны ойлап тауып, әріптестерін бір таңғалдырды. 

UCI зерттеушілері батареяда қолдануға болатын нано сымдармен тәжірибе жұмыстары кезінде осы жаңалықты ашқан. Онсыз да жұқа әрі нәзік сымдар тым көп зарядтала беретін болса, тез үзіліп қалады.  Яғни, ғалымдар батарея заряды толып кеткен кезде үзіліп, жарылуға бейім болатынын анықталған. Осы тұста студент Миа Ле Тэй алтын наноөткізгіштер жиынтығын екі затпен – марганец диоксидімен және плексигласқа ұқсас электролит гелімен қаптау идеясын ойлап тапты. 

Басында 10 000 рет сыналған бұл заттың әлі де болса еркін жұмыс істеп тұрғаны анықталған. Нәтижесінде жас зерттеуші бір апта бойы, содан кейін үш ай бойы жаңа жабыны бар нано сымдарды сынақтан өткізді. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, UCI-де жасалған мұндай нанобатарея бүкіл сынақ кезеңінде барлығы 200 000 циклге төтеп беретіні белгілі болды. 

Осыдан келе ғалымдар орташа батареясы зарядтау барысында 300-ден бастап 500 циклге дейін кәдімгі ноутбуке нанобатареяны салған жаңдайда 400 жылға дейін жұмыс істеуі тиіс деп отыр.  

Материал https://novate.ru/blogs/070123/65197/?fbclid=IwAR244od_OxncdDrXoP4_f0m8kumYKPUo6qri9KFjEyHygaZ1bGAsMeh76Vc деректері бойынша дайындалды. 


«« | »»
Соңғы жаңалықтар