Әлемдегі ғылым

Ескі микробтар оянуы мүмкін

17.11.2022

1368

Қазіргі таңда жаһандық мәселеге айналған мұздықтардың еруі ғалымдар үшін көп зерттеулерді талап етуде. Ғасырлар бойы тапжылмай тұрған мұздықтардың еруінен бұрынғы микробтар оянуда деп, дабыл қағуда.

Ғалымдар Еуропа мен Солтүстік Америкадағы 8 мұздықтан, сондай-ақ Гренландиядан еріген судың үлгілерін алып, әр миллилитр суда ондаған мың бактерия болатынын анықтаған.

Жер бетіндегі мұздықтар климаттық дағдарыс кесірінен еріп жатыр. Соның салдарынан жүздеген мың микробтар қайта тірілуі мүмкін. Ғалымдар олардың қаншалықты пайдалы немесе қауіпті екенін зерттеуге уақыттарының да жетпейтінін айтады.

Қазіргі уақытта ғалымдар әлем бойынша мұздықтардың қалай өліп жатқанын бақылап, табиғаты түсініксіз көптеген бактериялардың бөлініп жатқанын айтады.

Зерттеу нәтижелері бойынша мұздықтардың еруі кезінде мұхитқа шайылған бактериялар мен балдырлар солтүстік жарты шарда алдағы 80 жылда орта есеппен жылына шамамен 650 000 тонна көміртекті жеткізетінін көрсетеді. Бұл жерде Гималайдағы Гиндукуш аймағы әзірге зерттелмеген.

Есептеулер көмірқышқыл газы шығарындыларының ағымдағы қалыпты өсуін ескере отырып жасалған екен. Ғалымдар, егер адамзат көміртегі шығарындыларын азайта алса, сол арқылы Жердің жаһандық жылынуын және мұздықтардың еруін бәсеңдетсе, микробтардың массасы шамамен үштен біріне азаяды деп отыр.

Сондай-ақ зерттеушілер мұздықтардың еруі нәтижесінде бөлінетін микробтар теориялық тұрғыдан экожүйелерді тыңайтуы немесе пайдалы биологиялық молекулалардың көзі болуы мүмкін

Материал https://www.theguardian.com/environment/2022/nov/17/microbes-melting-glaciers-bacteria-ecosystems деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар