Әлемдегі ғылым

Бұрынғы Испан тұмауы қазіргі маусымдық тұмау дейді ғалымдар

03.10.2022

1270

ХХ ғасырдағы ең қауіпті вирустардың бірі – испан тұмауы вирусы болатын. Осы вирустың эволюциясы осы уақытқа дейін жұмбақ. Себебі, ғалымдардың қолында бұл вирустың геномдар аздық еткен. Мұражайлардан алынған қосымша үлгілерден РНҚ секвенциясы 1918 жылғы пандемияның жаңа молекулалық мәліметтерін ашты. Тұмаудың бірінші және екінші толқындары вирустың бірдей штаммдарынан туындаған және бұл штаммдар маусымдық H1N1 тұмауы түрінде мәңгі қалды.

ХХ ғасырда Испан тұмауы 50-100 миллион адамның өмірін қиған ең қауіпті пандемия болды. Салыстырмалы түрде айтсақ, COVID-19 індеті 2021 жылдың соңына қарай 15 миллион адамның өмірін жалмаған.
Дегенмен, COVID-19 ғылыми тұрғыдан жаңа ізденістерге жетелей түсті. Тіпті «испан тұмауының» таралу әдісіндегі (ауа-тамшылы), клиникалық көріністегі, тіпті денсаулық сақтау органдарының реакциясындағы (қоғамдық орындарды жабу, карантин) кейбір ұқсастықтар алдымен «испан тұмауынан» індеттің қалай дамитындығы туралы түсінік іздеуге итермеледі.

1918 жылғы тұмау вирусы суда жүзетін құстар популяциясындағы вирустың резервуары болып табылатын пандемиялық тұмаудың жаңа штаммдарының тұрақты көзінен шыққан деп есептеледі. Суда жүзетін құстар да жарқанаттардың коронавирустар үшін атқаратын рөлі сияқты тұмау вирустарында үлкен рөл ойнайды. Олар вирус бірге өмір сүре алатын резервуар болып табылады. Яғни, «испан тұмауы» адам популяциясына бастапқы жануар вирусының енуіндегі түраралық тосқауылдың тағы бір еңсеруі болып табылады.
Соңғы пандемия испан тұмауына қайта оралуға мәжбүрлесе керек. 27 ғалымнан құралған зерттеушілер тобы испан тұмауынан қайтыс болған науқастардың мұражай тіндерінің үлгілерін (ең алдымен өкпе және бронх тіндері), тіпті Рудольф Вирхов коллекциясындағы экспонаттарды да пайдаланып, зерттеу жүргізген екен. Зерттеу нәтижелері Nature Communications журналында жарияланған.
Осы ұлпалардан алынған 1919 жылғы тұмау вирусының РНҚ-сы арқылы ғалымдарға вирус эволюциясының азды-көпті толық бейнесін жасауға мүмкін пайда болды.
Ең алдымен, зерттеушілер пандемия толқындарының өзгеруіне байланысты вирустың қалай өзгергенін зерттеді. Испан тұмауының пандемиясының үш толқыны болды. Бірінші толқын 1918 жылдың маусым-шілде айларында келді - оның жазда төмендеуі пандемияның аяқталуы ретінде қабылданды. Бірақ күзде және қыста екінші толқын басталды, ол алдыңғысынан әлдеқайда жоғары болды және бүкіл індеттің шыңы осы болды, деп отыр ғалымдар.
Зерттеу нәтижесі бойынша испан тұмауы мен маусымдық H1N1 тұмауының вирустары арасында эволюциялық байланыстың болуы анықталған. Әлі күнге дейін адамдар арасында айналып жүрген бұл вирустардың барлығы оның ұрпақтары екені белгілі болды. Яғни, «испан тұмауы» жойылмаған. Ол коронавирустық пандемияға дейін әр қыс мезгілінде келетін маусымдық штаммдарды туғызады. Жалпы, «испандық тұмау» әлі де арамызда.

Материал https://elementy.ru/novosti_nauki/434020/Ispanka_ostalas_s_nami_v_vide_sezonnogo_grippa деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар