Әлемдегі ғылым

Адам жүрегінің маңызды бөлігі зертханада өсірілді

14.07.2022

1650


Канадалық ғалымдар зертханада егеуқұйрық жасушаларынан адамның жүрек қарыншасының кішкентай үлгісін өсірді. Қан тамырларына ұқсайтын микроорганизмнің ұзындығы 1 мм, диаметрі 0,5 мм. Бұл қан тамыры адам эмбрионының шын жүрегі сияқты жиырылып, сұйықтықты айдай алады, деп хабарлайды ScienceAlert.

Ғалымдар бүгінгі күні науқас немесе сау адам жүрегінің қан айдау процесін зерттеудің кем дегенде екі әдісі бар деп отыр. Ол үшін өлген адамдардың жүректері пайдаланылады, бірақ олар белсенді болмағандықтан, бұл процесті толық көрсете алмайды. Кейде ғалымдар жүрек ауруы мен емдеуді зерттеу үшін тірі жануарлардың жүрегін пайдаланады.

Енді ғалымдар жасанды және биологиялық материалдардың қоспасынан жаңа орган жасады. Атап айтқанда, жас егеуқұйрықтардың жүрек-қан тамырлары тіндерінің жасушалары пайдаланылды. Осылайша, ғалымдар адам жүрегінің сол жақ қарыншасының жүрек бұлшықетіне ұқсайтын модель жасап шығарған. Жүрек бұлшықетінің кішкентай үлгісінің жиырылуы және сұйықтықты айдауы үшін ғалымдар бірқатар электр разрядтарын пайдаланды.

Адамның қарыншасының жаңа үлгісі осы органның ауруларын зерттеуге көмектеседі. Сонымен қатар, толыққанды жүрек жасаудың алғашқы қадамы болуы мүмкін.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар