Әлемдегі ғылым

Математиктер Ресейде бас қосады

08.02.2022

2726

Математиктердің халықаралық конгресі осы жылдың 6-14 шілдесінде Санкт-Петербуге өтетін болды, деп хабарлайды https://indicator.ru/. Бұл іргелі және қолданбалы математиканың дүние жүзі бойынша маңызды кездесуі болмақ.

Бұл Конгресс Ресейде осымен екінші рет өткізілмекші. Бұған дейін дүниенің әр бұрышынан келген математиктер 1966 жылы Мәскеу қаласында бас қосқан екен.

Іс-шараны ұйымдастыру комитетінің өкілі Аркадий Дворкович 2018 жылы Ресейдің халықаралық конгресті өткізетін орынды таңдау конкурсына қатысып, мықты қарсыластар арасында, әсіресе Франциямен, жеңіп алғанын айтады. Санкт-Петербург қаласының вице-губернаторы Владимир Княгинин ғалымдарды күтіп алу үшін медициналық қауіпсіздік, ақпараттық қолдау, транспорт, мәдени бағдарламалар сияқты барлық жағынан жағдай жасалатынын жеткізді.

Басқосуда 30 пленарлық лекциялар оқылып, 200 секциялық баяндамалар тыңдалады деп күтілуде.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар