Пермь ұлттық зерттеу политехникалық университетінің бір топ зерттеушілері мұнай мен мұнай өнімдерінен топырақ пен суды тиімді тазартуға көмектесетін технологияны әзірледі. Биосорбент целлюлоза-қағаз өндірісінің қалдықтары негізінде жасалады.
Биосорбентті жасау үшін скоп-талшықтар, яғни целлюлоза-қағаз фабрикаларында түзілетін талшықтар қолданылады. Бұндай талшықтардың ешқандай қажетке жаратылмай, бірнеше шақырым аумақтарды алып жатқаны белгілі. Сондықтан, ғалымдардың бұл жаңалығы экологиялық мәселенің шешілуінде оң нәтиже бермек.
Аталған университеттің қоршаған ортаны қорғау кафедрасының доценті Екатерина Белик целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтары болып табылатын тасымалдаушы бетінде микробиоценоздың қалай түзілетінін зерттеп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, егер ол дұрыс таңдалса, онда микробтық метаболизмді ынталандырады. Тасымалдаушы тірі жасушаларды қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғау қызметін атқарады және микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігін сақтауға көмектеседі екен.
Материал https://rg.ru/2021/11/03/reg-pfo/permskie-uchenye-nashli-sposob-obezvredit-neftianye-othody.html деректері бойынша дайындалды.