Әлемдегі ғылым

Статиндер коронавирус өлімін азайта ма?

15.10.2021

2551

Мамандар COVID-19-ға қарсы әсері күшті делінген дәрілерге мұқият болуды ескертеді. Адам ағзасындағы холестеринді төмендететін дәрілер қан тамырларының қабынуын азайтады, бірақ олар коронавирустан жазылуға көмектесе ала ма? Ғалымдар осы сұраққа жауап іздеген.

Каролинск институтының мамандары дәрілер мен Ковидтен қайтыс болудың себептері арасындағы байланысты зерттеді. Швед реестрлерінің мәліметтерін қолдана отырып, 45 жастан асқан Стокгольмның 963,876 тұрғынын 2020 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін бақылаған.

Осы бақылауда болған адамдарға берілген дәрі-дәрмектер және көрсетілген медициналық қызметтер, қайтыс болу себептері реестерінің деректерін талдау арқылы нәтижелер жасалған. Ақпарат диагноз қойылған аурулар сияқты факторларды ескере отырып талданды.

Зерттеушілер статиндер мен коронавриус арасындағы себеп-салдарлық байланыстың бар-жоғын анықтау үшін рандомизацияланған зерттеулер қажет екенін ескертеді.

Шеффилд университетінің профессоры Тим Чико COVID-19 өкпенің өте ауыр инфекцияларына әкелуі мүмкін екенін, бірақ сонымен қатар қан тамырларының қабынуына әсер ететінін айтады. Ол зерттеуге қатыспаған ғалым. Жүргізілген зерттеу статиндердің COVID-19 өлімін төмендететінін дәлелдемейді деп отыр. Профессор коронавирусқа қарсы әсері басым деген көптеген дәрілердің кейін пайдасыз болып қалғанын ескертеді. Сондықтан статиндер COVID-19-ды емдеуге пайдалы деген шешімге келу қате пікір. Қазіргі таңда әлеуметтік қашықтықты сақтап, қолды жиі жуу, маска тағу коронавирустан қорғанудың тиімді шаралары дейді ол.

Дереккөзі: https://www.theguardian.com/society/2021/oct/14/people-taking-statins-less-likely-to-die-from-covid-study-suggests

«« | »»
Соңғы жаңалықтар